Қазақстанда 17 келі алтын құйма сатылды

Қазақстанда 17 келі алтын құйма сатылды

Қазақстанда 17 келі алтын құйма сатылды
ашық дереккөзі
296

Ұлттық банк қазақстандықтарға қаржы институттары арқылы 699 дана алтын құймасын сатқан. Олардың жалпы құны 230 млн теңгеге жуық. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлттық банкті мәліметінше, бағдарлама әске қосылғалы 1 айдың ішінде 228 млн теңгеге сауда жасалған.

«Әзірге көп уақыт өткен жоқ. Сондықтан қорытынды шығаруға әлі ерте. Бірақ біз халықтың тарапынан қызығушылықтың бар екенін байқап отырмыз. Ең көп 10 және 20 грамдық құймалар сатып алынады«, — деп атап өтті банк өкілдері.

Қазіргі уақытта құймаларды үш банктен алуға болады.  Олар: Халық банк, Еуразиялық банк және Цеснабанк.

Ретеушілердің айтуынша, бұл өнімнің құны Лондон биржасы бекіткен алтынның доллардағы фиксингіне тәуелді. Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушылар алтын құймаларының бағасын өзі қояды.

Жалпы 2017 жылдың 31 мамырында алтынның 1 грамы 12,7 мың теңге болған. Ал ең жоғары баға 26 майсымға белгіленді. Ол күні өнім құны 13,2 мың теңгеге жетті. 1 шілдеде 1 грамм 12,8 мың теңгені құрады.Ал бір құйманың бағасы 128 мың теңгеден басталды.

 

Серіктес жаңалықтары