Көкшетауда суицидты насихаттаған сайттар бұғатталды

Көкшетауда суицидты насихаттаған сайттар бұғатталды

Көкшетауда суицидты насихаттаған сайттар бұғатталды
ашық дереккөзі
262
Көкшетауда суицидті насихаттаған 15 веб-сайттың жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Хабар 24 арнасы. Прокурорлар мұндай сайттардың жұмыс істеп жатқанын интернет ресурстарға арнайы мониторинг жүргізу барысында байқаған. Құзырлы орган мамандарының айтуынша, аталған сайттарға 1 млн 891 мың 267 адам тіркелген екен. Ал олардың 3 мыңнан астамы - кәмелетке толмағандар. Бұл сайттар сондай-ақ өз қолданушыларына суицидті қалай жасау қажеттігін түсіндіріп қана қоймай, порнографиялық материалдарды да насихаттап отырған. Қазіргі таңда сот шешімімен ол сайттар бұғатталды.  

Серіктес жаңалықтары