Түркияда "Қазақстанға саяхат конкурсы" жарияланды

Түркияда "Қазақстанға саяхат конкурсы" жарияланды

Түркияда "Қазақстанға саяхат конкурсы" жарияланды
ашық дереккөзі
ҚР-дың Түркиядағы Елшілігі «Қазақстанға саяхат» конкурсын жариялады, деп хабарлайды Қазақпарат. «Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық Көрмесін, Астана қаласын, Қазақстанның мəдени-экономикалық, туристік тартымдылығын танытатын сурет, видео, қысқаша жазбаны #AstanaEXPOTR хэштэгімен әлеуметтік желілерде бөліс, Қазақстанға 2 кісілік Rixos қонақ үйлерінде (Rixos President Astana, Rixos Borovoe, Rixos Almaty) 7 түн қону және Эйр-Астана компаниясынан тегін билеттер ұтып ал», - деп жазылған Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің Фейсбуктегі парақшасында. Мәлімет бойынша, конкурс 1 шілде мен 30 тамыз аралығында өтеді. Конкурс нәтижелерін арнайы комиссия анықтайды.