282
Алматы метросында қолма-қол төлем 150 теңге болмақ
Алматы метросында қолма-қол төлем 150 теңге болмақ
Алматы метросындағы жолақы жетонды қолма-қол ақшамен сатып алған кезде 80 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттайды, делінген қалалық қоғамдық көліктерде жолаушыларды тұрақты тасымалдаудың сараланған тарифтері туралы әкімдік қаулысында деп жазды sputniknews.kz.
"Алматы қаласы аумағындағы қалалық бағдарлар бойынша жолаушыларды тұрақты тасымалдаудың бекітілген тарифі электронды жүйе арқылы төмендегідей көлемде төленуі тиіс: электронды жол жүру картасы арқылы төлеген кезде – 80 теңге, ал көлікте қолма-қол ақшамен төлеген кезде – 150 теңге", — делінген қаулыда.
Қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда жолақының қымбаттауын әкімшілік қаражаттың көлеңке айналымынан арылып, салық түсімін арттыру және жолаушылар арасында электронды картаның көбірек қолданылуы үшін деп түсіндіреді.