Жыл басынан бері қандай тауар қымбаттады?

Жыл басынан бері қандай тауар қымбаттады?

Жыл басынан бері қандай тауар қымбаттады?
ашық дереккөзі
272
Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы алты айда (2017ж. маусым 2016ж. желтоқсанға) 5,1%, азық-түлік емес тауарларына – 3%, ақылы қызметтерге – 2,8%-ға өсті деп жариялады naryk.kz. Ағымдағы жылдың басынан (2017ж. маусым 2016ж. желтоқсанға) бағаның өсуі картопқа 77,3%, жаңадан жиналған көкөністерге – 15,6%, қой етіне – 10,7%, сиір етіне – 9%, жаңадан жиналған жемістерге – 7,9%, консервіленген сүтке – 6,4%, сары майға – 5,6%, жылқы етіне – 4,6%, кондитерлік өнімдерге – 4,3%, мәйекті ірімшікке – 3,8%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі қиярға 58,7%, қызанаққа – 28,7%, жұмыртқаға –27%, қарақұмық жармасына – 13,4%, күнбағыс майына – 6,6%, қантқа – 1,8%-ға тіркелді, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі. Баға өсімі автомобильдерге 4,7%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 4,6%, тоқыма бұйымдарына – 3,4%-ға, жеке қолданатын тауарларға, тұрмыстық аспаптарға – 2,9%-дан, фармацевтикалық өнімдерге, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына – 2,8%-дан, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 2,5%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 2,4% құрады. Дизель отыны 6,6%, баллондағы сұйытылған газ – 5,8%, бензин – 5,4%-ға қымбаттады.  

Серіктес жаңалықтары