211
Газ бағасы 23 пайызға қымбаттайды
Газ бағасы 23 пайызға қымбаттайды
Ішкі нарықтағы сұйытылған мұнай газының көтерме сату бағасы бекітілді. Бұл туралы бүгін энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың бұйрығы шықты деп жариялады naryk.kz.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2017 жылдың 2 маусымындағы № 183 «Ішкі нарықтағы сұйытылған мұнай газының көтерме сату бағасын бекіту туралы» бұйрығы жарияланды.
«2012 жылдың 9 қаңтарындағы «Газ және газбен қамту туралы» ҚР Заңының 6 бабы, 7 тармағына сай, ҚР ішкі нарығында 2017 жылдың 1 шілдесі мен 30 қыркүйегі аралығында сұйытылған мұнай газының көтерме сату бағасын қосымша құнын салығын есептемегенде тоннасына 34 319 теңге деп бекітілсін», — делінген құжатта.
Бұйрықтың орындалуын тексеру ҚР энергетика министрлігіне жүктеледі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін, яғни жыл басынан бері газ бағасы тоннасына 28 мың теңге болып келген еді.