"Озық ойлы" азаматтарды қайтару керек

"Озық ойлы" азаматтарды қайтару керек

"Озық ойлы" азаматтарды қайтару керек
ашық дереккөзі
218
Өзбекстанда Қазақстандағыдай соңғы 30 жыл ішінде әр түрлі мемлкеттерге тарап кеткен «озық ойлыларды» қайтару ісімен айналысу керек. Фейсбукте Өзбекстанда ұлы ғалым Ұлықбектің құрметіне құрылған жаңа орталық туралы жаңалыққа байланысты пікірімен бөліскен ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы Бағдат Мусин осылай жазды. «Адам айтса сенгісіз салықтық жеңілдіктермен Өзбекстанда құрылған Инновациялық орталық жайлы жаңалықты оқыдым... Сәл кейінгі тарихымызға көз жүгіртер болсақ, өзбекстандық бағдарлама жасаушылар мен математиктердің әлеуеті мықты болғандығын және кеңес уақытында техникалық мамандар арасында олардың жоғары бағаланғандығы есімізге түседі. Қазір сол олқылықтың орнын толтырудың уақыты жетті... сәттілік тілегім келеді. Алдағы 3-4 жылда World of Tanks немесе Skype сынды бағдарламалардың өзбекстандық нұсқасы шығатындығына кәміл сенемін... Көршілеріміздің 30 млн тұрғынында ішкі нарық бар екендігін есте сақтау керек... Біздегідей оларға да соңғы 30 жыл ішінде түрлі мемлекеттерге тарап кеткен «озық ойлыларды» қайтару ісімен айналысу керек...», - деп жазды Бағдат Мусин. АН Podrobno.uz хабарлауынша, Mirzo Ulugbek Innovation Center резиденттеріне бірқатар жеңілдіктер мен артықшылықтар ұсынылады. Мәселен, олар 2028 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық салықтардан және мемлекеттік мақсаттық қорлардың міндетті аударымдарынан, біркелкі әлеуметтік төлемдерден, қажетті қосалқы бөлшектер, техникалық құжаттар, бағдарламалық қамтамасыз ету, тораптар сынды республикада өндірілмейтін құрылғыларды тасымалдау барысында кеден салықтарынан босатылады.  

Серіктес жаңалықтары