Қырғыз президенті Атамбаевтың әндер жинағы саудаға шықты

Қырғыз президенті Атамбаевтың әндер жинағы саудаға шықты

Қырғыз президенті Атамбаевтың әндер жинағы саудаға шықты
ашық дереккөзі
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың "Судьбе назло" деп аталатын әндер жинағы саудаға түсті. Оған қырғыз басшысының орыс тіліндегі он әні енген. Бұған дейін хабарланғандай, Мәскеуге жасаған сапарында Атамбаев отандастарына өзінің әндер жинағын сыйлаған. Президенттің айтуынша, "Мелодия" фирмасы әндер жинағын өзі басып шығарған. Жинаққа көпшілікке танымал "Я не могу без тебя жить", "Мне не страшно умирать" әндері мен "Чудак", "Рита", "Песенка про Старый год (31 декабря)" секілді жаңа әндері енген. Алмазбек Атамбаев кейбір әндердің сөздерін де өзі жазған. Айта кетерлік жайт, әндер жинағы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа, "Роснефть" директоры Игорь Сечинге, "Газпром" басқарма төрағасы Алексей Миллерге және басқа да ресейлік шенеуніктер мен кәсіпкерлерге сыйға тартылған. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың "Судьбе назло" деп аталатын әндер жинағы саудаға түсті. Оған қырғыз басшысының орыс тіліндегі он әні енген. Бұған дейін хабарланғандай, Мәскеуге жасаған сапарында Атамбаев отандастарына өзінің әндер жинағын сыйлаған. Президенттің айтуынша, "Мелодия" фирмасы әндер жинағын өзі басып шығарған. Жинаққа көпшілікке танымал "Я не могу без тебя жить", "Мне не страшно умирать" әндері мен "Чудак", "Рита", "Песенка про Старый год (31 декабря)" секілді жаңа әндері енген. Алмазбек Атамбаев кейбір әндердің сөздерін де өзі жазған. Айта кетерлік жайт, әндер жинағы Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа, "Роснефть" директоры Игорь Сечинге, "Газпром" басқарма төрағасы Алексей Миллерге және басқа да ресейлік шенеуніктер мен кәсіпкерлерге сыйға тартылған.