453
ДАИШ жеңілгенін мойындады
ДАИШ жеңілгенін мойындады
"Ислам мемлекеті" ұйымы Мосул қаласындағы ан-Нұри мешітін жарып жіберді. Мосул қаласындағы тарихи ескерткіш 1172 жылы яғни ХІІ жылы салынған. Бұл суниттердің басты мешіті болғандықтан, "Ислам мемлекеті" аталмыш мешітті халифаттың орталығы етпек болған.
Бірақ ан-Нури мешітін жарып жібергеніне қарағанда, олар жеңілгенін мойындап отыр. Бұл туралы Ирактың премьер-министрі Хайдер әл-Абали мәлімдеді. "ИМ-ның (ДАИШ) ан-Нури мешітін және әл-Хабда ғибадатханасын жарып жіберуі - олардың жеңілісті ресми мойындауы", - деп келтіреді Ирак премьерінің сөзін баспасөз қызметі.
Сәрсенбіде Ирак әскерилері ДАИШ содырларының Мосулдағы ан-Нури деген басты мешітті және оның маңында орналасқан әл-Хабда ғибадатханасын жарып жібергенін хабарлаған еді. Дәл осы жерде Әбу Бакр әл-Багдади 2014 жылы ДАИШ "халифатын" жариялаған. Мешіт пен ғибадатхана радикалдардың символына айналған болатын. Найнава провинциясын босату бойынша операцияның қолбасшысының айтуынша, "ан-Нури мешіті мен оның әл-Хабда деген ғибадатханасын содырлар Ирак әскерлері Ескі қалаға кіріп, ДАИШ бандаларын айқын жеңгеннен кейін жарып жіберген". Ирак әскері Facebook желісіндегі аккаунтында қираған мешіттің суретін жариялады.