328
Биыл астық көлемі - 17-18 миллион деп күтілуде
Биыл астық көлемі - 17-18 миллион деп күтілуде
Биыл Қазақстандағы астық өнімі 17-18 млн тонна болады деп күтілуде, деп жазады Reuters ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке сілтемелеп.
«Ауа райының қолайсыздығына қарамастан егіндік жұмыстарын жүргізе алдық. Екіншіден, биыл ылғал да жаман емес. Сондықтан астық өнімі де кем дегенде 17-18 млн тонна болады деп болжауға мүмкіндік бар. Ол таза салмақта алғанда... Әрине, жаз қалай болатынына да байланысты. Екінші жағынан дақылдардың ауруға шалдығуына байланысты егістік алқабы да өзгеріп отыруы мүмкін», - деді министр.
Оның айтуынша, биыл 1 шілдеде басталатын 2017-2018 жылғы астық экспорты шамамен 8,0-8,5 млн тонна болады.
Ағымдағы маркетингтік жыл 2016 жылы 1 шілдеде басталған және 2017 жылы 30 маусымда аяқталады.
Биылғы 10 мамырға Қазақстан астық экспортын былтырғы осы аралықтағы 7,389 млн тоннадан қазіргі 7,079 млн тоннаға дейін төмендетті.
Reuters жазғандай, бұрындары ауыл шаруашылығы министрлігі астық экспортының шамасын биылға 9 млн тоннадай болады деген болжам айтқан.