266
Алтын қымбаттады
Алтын қымбаттады
Лондонда таңертеңгі банкаралық фиксингтің қорытындысы бойынша бір трой унциясының бағасы $1247,05 болды деп хабарлады Қазтаг.
Өткен сауда күніндегі кешкі фиксингке қатысты трой унциясының доллармен есептегендегі құны 4,85-ке өсті.
Алтынның бір унциясының еуромен есептегендегі бағасы 1118,98 (+3,61), британ фунтымен есептегенде 989,04 (+4,6) болды.
Алтынның банкаралық фиксингі әр сауда күні Гринвич уақытымен 10:30-да және 15:00-де жүзеге асырылады. Фиксингтің нәтижесі бүкіл әлем бойынша алтын фьючерстерінің саудасы кезінде бағдар ретінде пайдаланылады. Бағаны қалыптастыруға өзара алтын жеткізетін 5 қаржы институты қатысады.