Ұлттық банк теңгенің әлсіреуін түсіндірді

Ұлттық банк теңгенің әлсіреуін түсіндірді

Ұлттық банк теңгенің әлсіреуін түсіндірді
ашық дереккөзі
187
Қазақстанның валюта нарығындағы өзгерістер мұнай бағасының төмендеуі салдарынан сыртқы нарықтарда қалыптасқан жағдайлармен байланысты. Мұл туралы Ұлттық банктен хабарлады. Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінің директоры Әлия Молдабекованың айтуынша, соңғы апталарда мұнай бағасының бір баррель үшін $46 деңгейге дейін және одан төмендеуі нарықтағы ұсыныстың болжамды артықшылығына қатысты болған жаңалықтар аясында орын алуда. Оның айтуынша, Ливиядағы мұнайдың өндірісінің ұлғаюы және АҚШ-тағы тақтатас мұнай өндірісінің өсуі туралы жаңалық нарықта ұсынысты төмендету бойынша ОПЕК шараларының табысты болуына күмән келтіруге мәжбүр етті. «Нарықтағы болжам бойынша, ұсыныстың артық болуы болжанғаннан гөрі ұзағырақ сақталады. Осылайша, ОПЕК келісімінің тиімділігі барынша күмән тудырады», – деп атап өтті Ә. Молдабекова. Негізгі іргелі факторлардың бірі ретінде мұнай бағасының өзгеруі Қазақстан теңгесінің айырбастау бағамында әсер етіп отыр. Алайда ұлттық валютаның әлсіреуі Қазақстанда ғана емес, экономикасы ұқсас басқа елдерде де байқалып отыр.

Серіктес жаңалықтары