Дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы артады

Дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы артады

Дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы артады
ашық дереккөзі
167
Қазақстан еңбекақының орташа мөлшерi бойынша ТМД мемлекеттерiнiң арасында екiншi орында тұр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова халық алдында есеп беру кездесуiнде айтты, деп хабарлайды Baq.kz. «Бiз азаматтық қызметкерлерге еңбекақы төлеудiң жаңа моделiн енгiздiк. Оның негiзiнде дәрiгерлердiң еңбекақысы орташа есеппен 18 пайызға, мұғалiмдердiң еңбекақысы 29 пайызға, ал әлеуметтiк саланың басқа қызметкерлерiнiң еңбекақысы 35 пайызға артады. Жалпы бiз еңбекақының орташа мөлшерi бойынша ТМД мемлекеттерiнiң арасында екiншi орындамыз. 124 млрд теңге азаматтарды жұмыспен қамту бағдарламасына жұмсалды. Егер 2011 жылы әлеуметтiк қамсыздандыру бөлiмдерiне 59 мың адам ұсынылып, тiркелген болса, өткен 2016 жылы жұмыспен қамту орталықтары арқылы 200 мыңнан астам азаматқа мемлекеттiк қолдау көрсетiлдi. Бұл республика бойынша жұмысқа орналасқан азаматтардың 10 пайызын қамтиды», - дедi Дүйсенова. «Биылғы жылы әлеуметтiк саланы түбегейлi өзгерiстер күтiп тұр. Мәселен, елдiң еңбек нарығы толығымен жаңғыртылмақ», - деп түйiндедi Тамара Дүйсенова.    

Серіктес жаңалықтары