354
Отандық ұялы байланыс операторларына шағым көп
Отандық ұялы байланыс операторларына шағым көп
Қазақстандық ұялы байланыс операторларының үстінен шағындана алады. Бұл туралы бүгін елордадағы Қазмедиа орталығында өтіп жатқан халықпен есептік кездесу барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жылдың соңына дейін министрлік сайтында «Ұялы байланыс сапасына халықтық бақылау» сервисін іске қосу жоспарлануда. Ол халыққа ұялы байланыс жұмыстарында түрлі проблемалар мен іркілістер жайында пікір жолдауға мүмкіндік береді», - деді министр.
Осы ретте Дәурен Абаев әрбір пікір мен шағымды министрлік шұғыл қаперге алып, сәйкесінше шара қабылдайтындығын баса айтты.