573
Дәрігерлер Бас ауыстыру операциясы 90 пайызға сәтті өтеді деген сенімде
Дәрігерлер Бас ауыстыру операциясы 90 пайызға сәтті өтеді деген сенімде
Италия нейрохирургі Серджио Канаверо адамның басын алмастыру операциясын Қытайда жасайтын болды. Бұл туралы "Россия-24" телеарнасының сюжетінде айтылады. Еске сала кетейік, Серджио Канаверо осыған дейін алғашқы отаны ресейлік бағдарламашы Валерий Спиридоновқа жасауға уәде берген еді. Бірақ қазіргі уақытта дәрігердің жоспарлары өзгеріп, бұл шешімімен бас тартып отыр.
Басылымның мәліметінше, дәрігер отаны ресейлікке емес, Қытай азаматына жасайтын болды. Себебі донор мен реципиент бір нәсілді болуы тиіс екен. "Бізге жергілікті тұрғындардың ішінен донор іздеу керек. Біз ақ нәсілді Валерий Спиридоновқа донор бола алмаймыз. Қытай азаматаның есімін әлі айта алмаймыз. Таңдап жатырмыз", - деді нейрохирург. Айта кетейік, Қытайда адамның басын алмастыру операциясы мемлекеттік деңгейде қаржыландырылады. Ол үшін тіпті жеке клиника бөліп береді. Италия хирургіне ондаған жергілікті дәрігер көмектеседі.
"Қытайлықтардың бұл отаға келісуінің себебі - олар Нобель сыйлығын жеңіп, Қытайды ғылыми дамудың күші етіп көрсетпекші", - дейді хирург Канаверо.
Ота шамамен 36 сағат жасалады. Оған 15 миллион доллардай қаражат керек екен.
Науқастың басын қатырып болған соң оны денеден бөліп алып, арнайы биологиялық желіммен донордың денесіне жабыстырады. Ал жұлын жаққа дәрігерлер полиэтиленгликоль салады. Оның көмегімен нейрондарды байланыстырады. Италия хирургі отаны 90 пайызға сәтті өтеді деген сенімде.
Cондай-ақ, ол мұны трансплантология саласында жаңалық болатынын айтып өтті.
Дәрігердің айтуынша, басты ауыстыру операциясы ең алдымен пациенттің денесі мен донордың жасушалары оттегісіз ағзада өмір сүре алғанша суытудан басталады. Содан кейін ірі қантамырлары мен жұлын бөлек алынады. Донор мен науқас жұлындарының ұшы арнайы затпен жабыстырылады. Осыдан кейін адам қозғалмауы үшін төрт апта бойы жасанды комаға жатқызылады, бұл күретамырлар мен бұлшық еттердің жазылуы үшін қажет.
Канавероның айтуынша, адам оянғаннан кейін өзінің түрін сезініп, бір жылдың ішінде қайтадан жүріп үйренеді. Басылымның мәліметінше, 2017 жылдың күзінде клиникалық өлім жағдайында бірнеше науқасқа осындай ота жасау жоспарланып отыр.