Елімізде салықтық тексерістер қысқартылады

Елімізде салықтық тексерістер қысқартылады

Елімізде салықтық тексерістер қысқартылады
ашық дереккөзі
238
Биыл салықтық тексерулер 37,5 пайызға қысқартылады. Жаңа Салық кодексі жобасында тексерістердің тең жартысын алып тастау көзделіп отыр деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында. Бұл туралы Хабар24 жариялады.  Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қазіргі 32 норманың тек 14-і ғана қалдырылады. Осылайша бизнеске едәуір жеңілдік жасалып отыр. Себебі кәсіпкерлер көбінесе салықтық тексерістердің көптігін айтып, шағымданып жүр. Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі: – Салық түсімдерінің жоғары қайтарылымын сақтап қалуымыз керек. Шығын шықпай, кіріс крімейді деген мәтел бар. Бұл ретте жұмысымыз салықтық түсімдерді ұлғайту мен бизнеске әкімшілік қысымдарды азайту аясында өтеді. Қосылған құн, корпортативтік табыс салықтары және жергілікті салықтар бойынша қолданыстағы жеңілдіктер қайтадан қаралатын болады. Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы: – Кәсіпкерлер көбіне салық пен мемлекеттік сатып алу және жер алуға рұқсат беру мәселесі бойынша шағымданады. Енді салықтық тексерістер азайса, бұл олқылықтардың біршама азаю түсуіне септігін тигізеді. Себебі қазір бизнесмендер статистикалық комитетке, салық органдарына есеп беріп, көптеген құжатты өткізуге мәжбүр.

Серіктес жаңалықтары