Швей­царияға ЭКСПО-2017 халық­­ара­лық көрмесіне қатыс­қаны үшін алғыс айтты

Швей­царияға ЭКСПО-2017 халық­­ара­лық көрмесіне қатыс­қаны үшін алғыс айтты

Швей­царияға ЭКСПО-2017 халық­­ара­лық көрмесіне қатыс­қаны үшін алғыс айтты
ашық дереккөзі
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның сыртқы істер жөніндегі федералдық кеңесшісі (министрі) Дидье Буркхальтермен жұмыс бабында кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі. Қ.Тоқаев жасыл экономика мен балама энергетика сала­сын­дағы әлемдегі көшбасшы­лар­дың бірі болып табылатын Швей­царияға ЭКСПО-2017 халық­­ара­лық көрмесіне қатыс­қаны үшін алғыс айтты. Сенат Төрағасы Қазақстан Швей­­царияны Еуропадағы маңыз­­ды әрі сенімді әріптес ретін­де қарастыратынын атап өтті. Екі­­жақты ынтымақтастық ая­сын­да белсенді саяси диа­лог, ауқымды сауда-экономи­ка­лық, инвестициялық және гуманитарлық байланыстар өріс­теп келеді. Кездесу барысында екіжақты байланыстарда да, ЕҚЫҰ Пар­ла­менттік Ассамблеясымен бірге халықаралық ұйымдар аясында да маңызды рөл атқаратын пар­­ламентаралық үнқатысуды ны­ғай­тудың келешегі қаралды. Қ.Тоқаев пен Швейцария сырт­­қы саясат ведомствосының бас­­шысы ЕҚЫҰ жауапты аймақта «созылмалы шиеленістерге» қа­тыс­ты бірқатар мәселелерді тал­қы­лады.