Головкин мен Альварес Лондонда көз арбасты

Головкин мен Альварес Лондонда көз арбасты

Головкин мен Альварес Лондонда көз арбасты
ашық дереккөзі
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес Лондонда баспасөз конференциясын өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Медиатур барысында осы аптада олар Нью-Йорк және Лос-Анджелес қалаларында болады. Кейінірек Мехико қаласында баспасөз конференциясын өткізу жоспарланған.  Лондонда Головкин мен Альварес журналистердің сұрақтарына жауап беріп, көз арбасты.  "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.