313
Алматыдағы зәулім сарай иелері салықтан бұлтарып жүр
Алматыдағы зәулім сарай иелері салықтан бұлтарып жүр
Алматыда қымбат пәтерлер мен жеке үйлердің иелері бюджетке 36 миллион теңге қарыз, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Медеу ауданы бойынша МКБ-ға сілтеме жасап.
"Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы мүлік пен жерге салық қарызын өндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Қазіргі кезде қымбат үйлер мен пәтерлер бойынша қарыз - 36,2 миллион теңге. Мәселен, Көктөбе ықшамауданында орналасқан аумағы 1568,5 шаршы метр, ал құны 132,6 миллион болатын зәулім үйдің иесі бюджетке 1,6 миллион теңге қарыз. Мұндай мысалдар аз емес. Сонымен қатар, бірнеше пәтері бар қарыздарлар бар", - дейді ведомство өкілдері.
Биыл 1 шілдеге дейін қарыз өтелмеген жағдайда қарызды күштеп өндіру үшін материалдар сот органдарына тапсырылады. Сонымен бірге, банктегі есепшоттар бойынша операциялар тоқтатылып, Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға шектеу қойылады.
"Жеке тұлғалардың салық қарызы құпия болып келмейтіндіктен, тізімдер 1 шілдеден кейін БАҚ-та жарияланады. Бұл тізімде Қазақстанда танымал болып келетін тұлғалар барын айта кету керек. Салық төлеуге қатысты қолайсыз жағдайға ұшырамас үшін, Медеу ауданы бойынша МКБ салықты өз уақытында төлеуге шақырады", - дейді басқарма өкілдері.