259
Отырыс сайын ескертіп отыру керек пе?
Отырыс сайын ескертіп отыру керек пе?
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының біріккен отырысында үкімет мүшелерінен тура сұрақтарға тура жауап беруден бастауды сұрады", - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев депутаттық сауалға банк секторын сауықтыру үшін Ұлттық қордан ақшаның қалай бөлінетінін түсіндіріп, екінші сұраққа үкімет мүшелері жауап беруін ұсынған.
"Сауалдың қиындық тудыратын кредиттер туралы тұсына келсек, ол Ұлттық банктен үкіметке тапсырылған. Ары қарай үкімет мүшелері түсіндірсін", - деді Ақышев.
Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа сөз бермес бұрын Парламенттің төменгі палатасының төрағасы үкіметтің барлық мүшесіне қарата сөз сөйледі.
"Жауап қаржы министрінің есебінен бір жарым минутқа аз болды. Жалпы мәлімдемелерді басқа кеңестерге қалдыру керек. Бұл жерде сұрақ нақты, Кредиттік ресурс қорынан бастаңыз. Тура сұрақтарға тура жауап беріңіздер. Бүгін жауап алынатындардың барлығына қатысты. Барлығының уақыты шектеулі. Сырт көз үшін жиналған жоқпыз, нақты мәселелер бойынша", - деді Нығматулин.