Қазақстан мұнай өндіруді 100 млн тоннаға жеткізеді

Қазақстан мұнай өндіруді 100 млн тоннаға жеткізеді

Қазақстан мұнай өндіруді 100 млн тоннаға жеткізеді
ашық дереккөзі
306
Қазақстан мұнай өндіру көлемін 100 млн тоннаға жеткізеді. Бұл жайында бүгін Астана экономикалық форумы аясында өткен «Болашақ энергиясы және әлемдік энергетика жүйесіндегі Қазақстанның рөлі» атты сессия барысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Еліміз тәуелсіздік алған сәтінен бастап мұнай өндіру саласы дамуының оң серпіні байқалады. Мәселен, 1991 жылдан бері мұнай өндіру көлемі 25,2 млн тоннадан 80 млн тоннаға дейін ұлғайды. Орта мерзімді келешекте мұнай өндіру өсімі жүз миллион тоннаға дейін жалғасатын болады», - деді Қанат Бозымбаев. Айта кетейік, Қазақстан мұнай, көмір, газ және уран қорына бай. Мұнай, газ, көмір, уран және электр энергиясын қоса алғандағы бастапқы энергия қорының жалпы көлемі мұнай эквивалентімен 32 млрд тоннаға немесе бүкіл әлемдегі бастапқы энергия қорының шамамен 3,6 процентке бағаланады.  

Серіктес жаңалықтары