317
"Ислам мемлекеті" астанасын өзгертті
"Ислам мемлекеті" астанасын өзгертті
ДАИШ ("Ислам мемлекеті") лаңкестік ұйымының басшылары Мосул мен Ракка қалаларынан кетіп, Сирияның шығысындағы Дейр-эз-Зор провинциясындағы Меядин қаласына көшіп жатыр.
Бұл туралы Associated Press басылымы Сириядағы америкалық шенеуніктер мен белсенділерге сілтеме жасай отырып хабарлады, - деп жазады Lenta.ru. Басылымның мәліметінше, лаңкестік ұйымдағылардың қашуына Ракка мен Мосул қалаларында жүргізіліп жатқан шабуылдар себеп болған. Халықаралық коалиция АҚШ-пен біріге отырып лаңкестерді қуып шығару үшін осы екі қалаға шабуыл жасап жатыр.
2017 жылдың қаңтар айында АҚШ басқарған халықаралық коалиция мен Ирак әскерлері Мосул қаласының шығыс аудандарын тазартқан болатын. Қаланың батыс бөлігінде де осындай жұмыстар ақпан айынан бері жүргізіліп жатыр. Бұл шараларға Ирак әскері, арнайы қызметтің бөлімшелері мен жасақ қызметкерлері қатысып жатыр.