Тәжікстанда sim-карта саудасы шектелді

Тәжікстанда sim-карта саудасы шектелді

Тәжікстанда sim-карта саудасы шектелді
ашық дереккөзі
Тәжікстанда ұялы байланыс операторларына бір адамға екеуден артық sim-карта сатуға тыйым салынды. Елдің күш құрылымдары бір ауыздан осындай шешімге келген, деп жазады centralasian.org.
Тәжікстанның ІІМ баспасөз хатшысы Умарджон Эмомали террористік ұйымның өкілдері басқа біреудің атына тіркелген sim-карталарды пайдаланатынын айтады. Бұл тергеуді қиындатады дейді. Бірақ мобилдік компания өкілдері радикалды топтың өкілдері көбінде активті емес sim-карталарды қолданады дейді. Бүгінде компании әрбір активті емес sim-карталарға ай сайын 80 дирам (шамамен тоғыз цент) төлейді.