Жол полициясын бейнекамераға түсіруге бола ма?

Жол полициясын бейнекамераға түсіруге бола ма?

Жол полициясын бейнекамераға түсіруге бола ма?
ашық дереккөзі
209
Өз қызметтік міндетін орындап жатқан жол-патрульдік полиция қызметкерін бейнекамераға түсіруге заң жүзінде рұқсат етілген. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов есеп беру кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. «Біріншіден, полиция қызметкеріне де Азаматтық кодекс ықпал етеді. Яғни кез келген азамат секілді ол да өз бейнесінің таралуына қарсы болса, бейнекамераға түсіруге тыйым салынады. Екіншіден, полиция қызметкері өз қызметтік міндетін атқарғанда - оқиға орнын зерттеп, тергеумен айналысып жатқанда да, таспаға түсіруге болмайды. Бірақ, жол полициясы қызметіне қатысты жағдайларда бейнекамера қолдануға рұқсат беріледі. Біз қазір жол полициясы туралы заңға өзгеріс енгіздік, бұдан былай жүргізушіні тоқтатып, хаттама толтырған жол полициясы қызметкерін бейнекамераға түсіруге болады және бұл заңды болып табылады», - деді министр Қызылорда тұрғыны қойған сұраққа жауап бере отырып. Айта кетейік, бүгін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов есеп беру кездесуін өткізіп, республика тұрғындарының сұрақтарына жауап берді және жеке мәселелерін тыңдады.  

Серіктес жаңалықтары