ОПЕК баяндамасынан кейін мұнай бағасы құлдырап кетті

ОПЕК баяндамасынан кейін мұнай бағасы құлдырап кетті

ОПЕК баяндамасынан кейін мұнай бағасы құлдырап кетті
ашық дереккөзі
249
Мамырда дүйсенбі күндіз «қара алтынды» өндіру бойынша ОПЕК баяндамасы жарияланғаннан кейін мұнайдың әлемдік бағасы құлдырап кетті. Бұл туралы Росбалт сайты жазды. Мәскеу уақытымен 15.01-дегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіздік мұнай қоспасына тамыздық фьючерстер құны барреліне 0,33% төмендеп, $48,13 құралы. WTI маркалы мұнайға шілделік фьючерстер бағасы барреліне 0,43% арзандап $45,88 көрсеткішіне тұрақтады. ОПЕК-тің маусымдық баяндамасының деректеріне сәйкес ұйым мамырда сәуірмен (тәулігіне 32, 139 мың баррель) салыстырғанда, мұнай өндіруді күніне 336,1 мың баррельге арттырды. Баяндамада мұнай өндіру көлемі Ливияда, Нигерия және Иракта ұлғайғаны атап өтіледі. Бұл ретте ұйым 2017 жылғы мұнайға әлемдік сұраныс бойынша болжамды күніне 96,38 миллион баррель мамырлық баға деңгейінде сақтап қалды. Осылайша, ОПЕК елдері келісім бойынша өздерінің міндеттерін 106%-ға орындады.    

Серіктес жаңалықтары