Батыс Қазақстанда ханның құлпытасы табылды

Батыс Қазақстанда ханның құлпытасы табылды

Батыс Қазақстанда ханның құлпытасы табылды
ашық дереккөзі
1047
Айшуақ Əбілхайырұлы 1797-1805 жылдар аралығында Кіші жүздің ханы болған. Батыс Қазақстан облысында «Жайық Пресс» ЖШС ұйымдастырған іздестіру жұмыстары барысында Айшуақ ханның құлпытасы табылды, деп хабарлайды Қазақпарат. Аталмыш медиахолдингтің бас директоры Жантас Сафуллин мәлім еткендей, бұдан үш жылдай бұрын Бекей Есенгелдіұлын зерттеу барысында журналист Нұртас Набиоллаұлы мен Бағдат Мəдиұлы Бекей ауылы маңында құлпытасы бар дегенді естіп, арнайы барған. Осы сапар барысында Нұртас Набиоллаұлы Бекей қорымындағы құлпытастарды да суретке түсіре келген екен. Ол оны сол кезде фейсбук парақшасына салған. Үш жыл өткенде, Facebook есіне салып, бөлісіп, қайта жариялайды. Соны көрген Мұратбек қажы Жахатов мүк басқан құлпытас жазуларынан Айшуақ хан Əбілхайырұлы дегенді анық оқиды. «Міне, бүгін Орал қаласынан 40 шақырымдай қашықтықтағы, Самара-Шымкент күре жолынан екі шақырымдай жердегі Бекей ауылы (Теректі ауданы) маңындағы қорымға қайта бас тіредік. Айшуақ Əбілхайырұлының (1727-1812) құлпытасы мүктен тазартылып, аударылып, оқылды. Айшуақ Əбілхайырұлы 1797-1805 жылдар аралығында Кіші жүздің ханы болған. Хандыққа 1797 жылы 70 жасында қол жеткізіп, 78 жасында өз еркімен бас тартқан. Орнына ұлы Жантөре хан сайланған. Осыған дейін Ақжайық ауданынан 1795-1797 жылдары хан болған Есім Нұралыұлының жəне 1805-1809 жылдары хан болған Теректі ауданынан Жантөре Айшуақұлының құлпытастары табылған болатын.  

Серіктес жаңалықтары