421
Француз журналисі Қазақстан туралы кітап жазды
Француз журналисі Қазақстан туралы кітап жазды
Француз тілінде жарық көрген қызықты туынды «Kazakhstan. Jeune nation entre Chine, Russie et Europe» («Қазақстан. Қытай, Ресей, Еуропа тоғысындағы қуатты мемлекет» деп аталады деп хабаралады Егемен Қазақстан.
Жаңа кітаптың тұсаукесері жуырда Қарағанды қаласында өтті.
Жалпы, Лиз Барселлини екі жылдан бері Қазақстанның тұрғыны. Ол осы уақыт аралығында қазақ тілін біршама меңгеріп, кітапты дала қазақтарымен сұхбат негізінде жазған.
Қазақ халқының, оның ішінде өршіл жас астаналықтардың асқақ рухы, бағзыдан келе жатқан қалыңдық ұрлау дәстүрі мен қымыз дайындау технологиялары сияқты тақырыптар кітап мазмұнын байытқан.
Кітап жазу барысында шетелдік журналист қазақтан шыққан 50-ге тарта белгілі тұлғамен сұхбат құрған. Олардың қатарында ақын Олжас Сүлейменов, батыр, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, суретші Кәріпбек Күйіков, жыршы Ұлжан Байбосынова сынды тұлғалар бар.
Сондай-ақ, журналист шығармашылық жұмысы барысында қазақстандық қоғам қайраткерлерінің әлеуметтік желіні сауатты пайдаланып, қажеттеріне дұрыс жаратып отырғандығын айтады. Оның айтуынша, Францияда кейіпкеріңмен сұхбат құру үшін әлеуметтік желіде кездесу уақытын, орнын белгілеп, әңгімелесу түрі кеңінен дамымаған. Қазіргі таңда Лиз Барселлини Қарағандыдағы Француз альянсының филиалында француз тілінің мұғалімі болып жұмыс істеп жатыр. Кітаптың Астанадағы тұсаукесері 17 маусым күні өтпек. Ал күзге қарай Париж кітапханаларына жол тартады.