Н.Рерихтің туындылары тұңғыш рет Қазақстанға әкелінбек

Н.Рерихтің туындылары тұңғыш рет Қазақстанға әкелінбек

Н.Рерихтің туындылары тұңғыш рет Қазақстанға әкелінбек
ашық дереккөзі
Белгілі суретші Николай Рерихтың Нью-Йорк музейіндегі туындылары алғаш рет Қазақстанға әкелінеді, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Көрмені ұйымдастыруға байланысты логистикалық және сақтандыру шараларына жұмсалатын шығынды Қазақстан тарабы төлесе, қалған қаражат америкалық компания есебінен өтеледі. Көрмеге аты аңызға айналған философ, саяхатшы, археолог Николай Рерихтың 37 туындысы қойылады. Сонымен қатар, «АҚШ-тың жеке коллекцияларынан алынған орыс өнерінің жауһарлары» атты сирек көрсетілетін көрме де «ЭКСПО-2017» қонақтарының назарына ұсынылады. Онда 35 туынды, яғни дүние жүзіне танымал Айвазовский, Маковский, Харламов, Шухаев, Ларионов және Гончарова сынды суретшілердің жұмыстары бар. «ЭКСПО-2017» көрмесі аясындағы сапарымыз айрықша маңызға ие деп санаймыз әрі жобамыздың жүзеге асырылатынына қуаныштымыз. Айта кетейін, Америкалық мұражай жәдігерлері алғаш рет Қазақстан аумағына әкелінсе, Николай Рерихтың туындылары өзге мемлекетте тұңғыш рет көрсетіледі. Бұл екі ел арасында жүзеге асырылуы тиіс мәдени жобалардың алды ғана», – деді  Орыс-америкалық қор президенті Марина Ковалева.