497
Алматы балалары бассейнге жаздай тегін бара алады
Алматы балалары бассейнге жаздай тегін бара алады
Алматыда «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасының аясында 8-12 жас аралығындағы жеткіншектер арасында жүзуден тегін сабақтар басталды.
Қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, кәсіпқой бапкерлер балаларды бассейндермен қамтылған бес спорт кешенінде жүзуге үйрететін болады.
Олар:
Сейфуллин 404, 14
Тимирязев 41
Яссауи 1Б (Медина)
Өтемісұлы 1 (Шаңырақ ықшам ауданы)
мекенжайларында орналасқан спорт кешендерінде жаттығады.
Жаттығулар жаздың соңына дейін аптасына 2-3 мәрте өтеді.
Алматыда көпбалалы отбасылардың балалары суда жүзу сабақтарына тегін қатысады «Бұл уақыт жүзу әдістерін үйренуге жеткілікті. Қатысушыларды топтарға бөлетін болсақ, бастаушыларды дұрыс дем алуға үйретеміз, содан соң, негізгі жаттығуларға көшеміз. Оларға барлық жүзу әдістерін меңгеруге арналған жаттылғуар жатады. Оның ең күрделісі - баттерфляй. Бағдарламаның соңына дейін барлығы жүзіп үйренеді деген ойдамын. Әлбетте, балалардың ынталарына да байланысты. Алайда, жетістіктер жаман емес», - деді Aquastars бассейнінің жаттықтырушысы Вячеслав Горев. Мұндай сабақтарға көпбалалы, жағдайы төмен отбасылардың балалары және балалар үйінен шыққан жасөспірімдер қатыса алады.