Эйр Астана Алматы әуежайындағы рейстердің бөгелуін түсіндірді

Эйр Астана Алматы әуежайындағы рейстердің бөгелуін түсіндірді

Эйр Астана Алматы әуежайындағы рейстердің бөгелуін түсіндірді
ашық дереккөзі
Эйр Астана компаниясы Алматы әуежайындағы рейстердің бөгелу себебін түсіндірді. Олардың айтуынша, аэродром жабық болғандықтан рейстер бөгеліп жатыр. «2017 жылдың 29 мамырында 20 ішкі және сыртқы рейс Алматы әуежайынан уақытында ұша алмады. Өйткені әуежай жабық болды. 29-30 мамыр күні түнгі 1-ге дейін ұшу жолағында жөндеу жұмыстары жүрді. Бұл жоспарланбаған еді. Кестесі бұзылған рейстердің жолаушылары СМС арқылы хабарлама алды. Ал әуежайда 2-4 сағат күтуге мәжбүр болған жолаушыларға ыстық тамақ пен сусын берілді», - деді әуе компаниясының баспасөз қызметінен. Айта кету керек, Эйр Астана компаниясы жолаушыларға жолға шықпас бұрын +7727 444477 арқылы ұшу кестесін бір қарап тексеріп алуға кеңес берді. Соңғы кездері Алматы әуежайы техникалық себептерге байланысты 2 рет жабылған еді.