Елбасы Дональд Трамппен әңгімелесті

Елбасы Дональд Трамппен әңгімелесті

Елбасы Дональд Трамппен әңгімелесті
ашық дереккөзі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «АҚШ – Ислам әлемі» саммиті аясында бірқатар мемлекеттердің басшыларымен және делегация жетекшілерімен келіссөздер жүргізді.Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшысы «АҚШ – Ислам әлемі» саммиті аясында бірқатар мемлекет басшыларымен және делегация жетекшілерімен қысқа келіссөздер өткізді. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трамппен әңгімелесті.

Әңгіме барысында екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары, соның ішінде сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдету перспективасы талқыланды. Екі ел президенттері күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер жөнінде де пікір алмасты. Сонымен қатар, Елбасы мемлекетаралық ынтымақтастықтың түрлі мәселелері жөнінде Кувейт мемлекетінің Әмірі Сабах әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахпен, Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифамен, Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен, Йеменнің президентімен, Мавритания президенті Мохаммед ульд Әбдел-Әзизбен, Пәкістанның премьер-министрі Шарифпен пікірлесті. Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Юсеф бен Ахмед әл-Усайминмен өзара іс-қимылдың кейбір аспектілерін талқылады. Сондай-ақ, мемлекет басшысы «АҚШ – Ислам әлемі» саммиті барысында Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесті.  width=
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Тиллерсон мейлінше өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимыл көптеген бағыттар бойынша дамудың жаңа сапалы деңгейіне көтерілетініне сенім білдірді.