"Ішектің қабыну аурулары" атты алғашқы форум өтті

"Ішектің қабыну аурулары" атты алғашқы форум өтті

"Ішектің қабыну аурулары" атты алғашқы форум өтті
ашық дереккөзі
432
Бүгін Алматыда «Ішектің қабыну аурулары» I Ұлттық форумы өтті. Шара қазіргі гастроэнтерологияның өзекті мәселелерін талқылау үшін «Ішек ауруларын зерттеу бойынша қазақ ғылыми қоғамы» қоғамдық қоры және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтымен (ары қарай ҚР ДСМ КІА ҒЗИ ) бірлесіп ұйымдастырылды. Форумның мақсаты ішектің қабыну аурулары болып табылатын жаралы колит пен Крон ауруы мәселелерін тек гастроэнетрологтармен ғана емес, денсаулық сақтау мамандары кросс-фукционалдық тобымен, науқастар мен психологтармен талқылау. Форумда Алматы және Астана қалаларының ғылыми орталықтарының гастроэнтерология саласының жетекші мамандары, өңірлердегі тәжірибелі дәрігерлер, сонымен қатар, «Ішек қабыну ауруы бар тұлғаларға көмек және қолдау көрсету қоры» ҚҚ (Алматы қ.), «Доверие»АҚҰ (Санкт-Петербор қ.) пациенттік ұйымдарының белсенділері қатысты. Сондай-ақ, форумда ішектің қабыну ауруларымен ауырған науқастарға психологиялық коррекция жасау, ішектің қабыну аурулары бар балаларға көмекті ұйымдастыру сияқты мәселелер көтерілді. «Ішек ауруларын зерттеу бойынша қазақ ғылыми қоғамы» ҚҚ төрайымы Жәмилә Қайбұллаеваның мәлімдеуінше: «Ішектің қабыну аурулары бүгінде біздің практикамыздағы ең ауыр мәселердің бірі болып қалуда. Созылмалы ағымға байланысты, сонымен қатар, асқыну мен ота жасау салдарынан бұл ауру жас, жұмысқа жарамды науқастардың мүгедектігіне алып келіп, өмір сапасын төмендетеді. Сондықтан ем жүргізуді оңтайландыру жолдарын іздеуді, ішек қабыну терапиясының замануи схемаларын қолдануды қажет етеді». ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Кардиология мен ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтының директоры, Қазақтан Республикасы еңбегі сіңген ғылым қайраткері, профессор, м.ғ.д. Сәлім Беркінбаев: «Ал біздің институтта орналасқан  Гастроэнтерология бойынша координациялық орталықтың қызметкерлері барлық республика бойынша тиісті мониторинг жүргізеді». Ішектің қабыну ауруларымен кез-келген жастағы адамдар ауруы мүмкін. Бірақ бұл диагноз көбіне 20-40 жастағы адамдарға қойылады, ¼ науқастарда ауру 20 жасқа дейін анықталады. Ауру өмір сапасына жағымсыз әсер етіп, жұмысқа жарамдылықтан айырып, жұмыстан кетуге алып келеді. «Өкінішке орай, бұл патология жұмысқа қабілетті, әсіресе, қалада тұратын, зияткерлік еңбекпен айналысатын жас адамдарда жиі кездеседі. Уақытында диагностика жасап, емдемеу асқынуға алып келеді. Бұл, өз кезегінде, белсенді өмір салтының шектелуіне, тіпті мүгедектікке жалғасады, — деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Кардиология мен ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтының гастроэнтерология және гепатология кафедрасының меңгерушісі, профессор, м.ғ.д. Александр Нерсесов. —Жағымсыз зардаптарды төмендету үшін ІҚА науқастарының Ұлттық регистрын жасап жатырмыз. Ол науқастармен тығыз жұмыс істеуге, оларды жүргізіп, уақытылы бақылауға мүмкіндік береді. Жүйелі көрсетілген білікті көмектің арқасында олар жұмыс істеу қабілетін сақтап, қоғамның белсенді мүшесі болып қала береді». «Ішек қабыну ауруларын анықтау мәселелері, әсіресе, бүкіләлемдік асқазан ішек жолдары патологияларының көбеюі тенденцияларына байланысты, біздің  ел үшін өте өзекті, —деп қосты  University Medical Center корпоративті қорының Республикалық гепатология және гастроэнтерология координациялық орталығының басшысы, ҚР бас штаттан тыс гастроэнтерологы, профессор, м.ғ.д. Күлпаш Қалиасқарова. —Диагностиканың басты қиындығы - ауруға тән белгілердің болмауында. Уақытылы диагноз қоймау ішек асқынулары санының көбеюіне, тіпті хирургиялық әрекет жасау қажеттілігіне алып келеді. Сондықтан біздің басты міндетіміз - ауруды ерте анықтап, тиісті терапияны белгілеу».

Серіктес жаңалықтары