275
Қазақстандықтар өзінен гөрі туысқандарына сене ме?
Қазақстандықтар өзінен гөрі туысқандарына сене ме?
Қазақстандықтар өз күшінен гөрі туыстары мен таныстарына сенім артуға әдеттеніп қалған. Бұл туралы Қазақстандағы адам капиталы сапасын зерттейтін "Сандж" зерттеу орталығының директоры Жанар Жандосова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тапсырысы бойынша Қазақстанда жекелік және ұжымдастықты өлшеу пункті бар зерттеу жасалды.
"Бұл біз ойлағандай - жалғыз немесе ұжымдық жұмысты қалау емес. Бұл адамның жеке қасиетін бағалайтын көрсеткіш бойынша жасалған. Басқаша айтқанда, сіз адамды жұмысқа кәсіби біліктілігі үшін немесе туысыңызды, досыңызды аласыз", - деп түсіндірді Жандосова.
Әлеуметтанушының сөзінше, Қазақстандағы зерттеу қорытындысы халық жұмысқа негізінен таныстық арқылы кіретінін көрсетеді. Бұл жоғары оқу орнына түсу, дәрігерге қаралу мәселелеріне де қатысты екен. Қазақстандықтар үшін қандай да бір топ мүшесі болу маңызды, мәселен, жерлес болу. Сонда жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады екен. Минус 200 - ұжымдастық және плюс 200 жекелік көрсеткіші бойынша Қазақстанда минус 106 балл. Салыстыратын болсақ, Нидерланды плюс 182, Германия плюс 102, Жапония плюс 42, Ресей минус 21 және Сингапур минус 29.
"Дамыған елдерде адамдар үшін қай дәрігерге қаралатыны немесе баласының қандай мектепте білім алатыны маңызды емес. Барлық дәрігер бірдей қызмет етеді, барлық мектеп жақсы. Бізде жақсы жұмыс істеу үшін Назарбаев мектебін тәмамдап, Назарбаев университетіне немесе ҚазҰУ-ға түскіңіз келеді. Министр орнынан кетсе, барлық командасы артынан кетеді. Бұл барлық жерде бар, мемлекеттік органда да, жеке бизнесте де орын алып отырғанын көрсетеді. Бұл біздің елдің сипаты, өз әдетіміздің құлдығынан шығуға мүмкіндік болмай отыр. Бұл біздің институттар мен бағдарламаларымыздың нәтижелілігіне бөгет болады", - деп түсіндірді әлеуметтанушы.