Қазақстандықтар пойызбен сапарлауды азайтты

Қазақстандықтар пойызбен сапарлауды азайтты

Қазақстандықтар пойызбен сапарлауды азайтты
ашық дереккөзі
Еліміздің тұрғындары ұшақпен жиі ұшып, теміржол көліктерін сирек пайдалана бастады. 2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында теміржол кәсіпорындары былтырғы жылмен салыстырғанда жүргіншілерді 20 мыңға кем тасымалдаған. Finprom дерегіне сүйенсек, былтырғы жылмен салыстырғанда 290 мыңға артық адам әуе жолы арқылы тасымалданған.  2015 жылдың қаңтар-сәуір айларында тасымалданған жолаушылар саны 1,4 миллион адамға азайса, 2016 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткіш бойынша тасымалданған жолаушылар саны 3,8 миллионға кеміген. Алайда, 2017 жылдың төрт айында Қазақстан тұрғындарының басым бөлігі пойызды таңдап - теміржол көлігі арқылы 6,7 миллион адам тасымалданды. 2017 жылғы теміржол тасымалының кірісі ұлттық валютаның екі мәрте құнсыздануының толқыны алдында 2014 жылғы көрсеткіш деңгейіне төмендеген. Төрт айда теміржолшылар бұған дейінгі жылдардағы көрсеткіштен 16,7 миллиард теңгеге артық, яғни 233,4 миллиард теңге табыс тапты. Өткен үш жылда саланың кіріс мөлшері айтарлықтай қысқарды, төмендеу көрсеткіші әсіресе 2015 жылдың басында айқындалды. Сол уақытта әуе тасымалдаушыларының кірісі 2016 жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 11 миллиард теңгеге артқан. Теміржолшылар кірісінің өсімі жүк тасымалы белсендігінің артуына негізделген. 2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында кәсіпорын тасымалдаған жүктің жалпы көрсеткіші алдағы жылдардағы көрсеткіштен 14% артық - 115 миллиард тоннаны құрайды. Осы ретте, жүк тасымалынан түскен кіріс есебі 8%-ке артып, 207 миллиард теңгені құрайды.