Астанада өмір сүру қымбаттады

Астанада өмір сүру қымбаттады

Астанада өмір сүру қымбаттады
ашық дереккөзі
315
Биыл Қазақстанда жалпылай алғанда инфляцияның өсуі баяулағанымен, Астанада өмір сүру күрт қымбаттап отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz. Мұндай зерттеуді Ranking сараптама қызметі жасаған. Биыл Қазақстанда былтырғы жылмен салыстырғанда негізгі тұтынушы тауарларының бағасы тұрақты - соңғы екі ай бойы 0,5 пайыз. Салыстырып көрсек, былтыр сәуірде бұл көрсеткіш 0,6 пайыз болған. Биылғы қаңтар-сәуір аралығы азық-түлік, өзге тауарлар мен ақылы қызмет құны 7,7 пайызға өскен. Бұл былтырғы бағамен салыстырғанда екі есе төмен - 15,4 пайыз. Дегенмен 2016 жылға дейінгі бағалардан жоғары - 6,7 пайыз. Өмір сүру Астанада айтарлықтай қымбаттаған. Биыл Елордада негізгі тауарлар мен қызмет түрлеріне жалпы баға былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 9,2 пайызға өскен. Соның ішінде азық-түлік пен сусындар 13,2 пайызға өскен. Ақылы қызмет 2,2 пайызға қымбаттаған. Ал бағалардың ең баяу өсімі Батыс Қазақстан облысында байқалады - бір жылда 6,6 пайыз. Аймақта азық-түлік құны 8,3 пайызға өскен. Дегенмен Астанада азық-түлік бағасы шарықтағанымен, ақылы қызмет құны өзге өңірлермен салыстырғанда өте баяу өскен. Мәселен, ОҚО мен СҚО-да ақылы қызмет құны бір жылда 7,6 пайызға өскен.  

Серіктес жаңалықтары