Тірідей жерленген сәбидің өмірін ит құтқарып қалды

Тірідей жерленген сәбидің өмірін ит құтқарып қалды

Тірідей жерленген сәбидің өмірін ит құтқарып қалды
ашық дереккөзі
Аспан асты елінің Цзянцзинь қаласында ит тірідей жерленген нәрестені құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sun басылымына сілтеме жасап.  Иесінің айтуынша, иті табандарымен бар күшін сала жерді қазып жатқанын байқайды. Қазылған шұңқырға жақындап келген ол жерде ақ матаға орап тастаған, шырылдап жылап жатқан сәбиді көрген. Құтқарылған шақалақтың дүниеге келгеніне бір ғана ай болған көрінеді. Жүрек соғысы әлсіреген, дене қызуы төмендеген нәрестені шұғыл  ауруханаға жеткізілді. Қазір ол дәрігерлердің қарауында, біртіндеп жазылып келеді. Полиция оның туған-туыстарын іздестіріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, сәбидің ата-анасы оны қайтыс болды деп есептеп жерлеген болуы ықтимал.