236
Атом саласы бойынша ғылымды дамытуға 1,5 миллиард теңге жұмсалған
Атом саласы бойынша ғылымды дамытуға 1,5 миллиард теңге жұмсалған
Атом саласындағы ғылымды дамыту үшін 4 бағдарлама қабылданып, 1,5 млрд теңге қаржы жұмсалған. Бұл туралы Мәжiлiсте «Уран өнеркәсiбiнiң дамуына» арналған Үкiмет сағатында ҚР Бiлiм және ғылым вице-министрi Асланбек Әмрин айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
«Атом саласындағы ғылыми жұмыстарды негiзiнен Ядролық физика инситуты, Энергетика министрлiгiнiң Ұлттық ядролық орталығы жүргiзедi. Министрлiк ғылыми гранттар мен мақсатты бағдарламалық қаржыландыру жүйесiн ұсынады», - деп түсіндірді Асланбек Әмрин.
Бiлiм және ғылым вице-министрiнің айтуынша, 2015 жылы 1,5 млрд теңгеге 4 бағдарлама қабылданған.
«Оның iшiнде Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту саласына 985 млн теңге бөлiндi. Бұл бағдарламалар биыл аяқталады. 2017 жылдың соңында бағдарламалар техникалық сараптамадан өтiп, тиiмдiлiгi анықталады. Сондай-ақ, биыл тағы 24 жоба қаржыландырылмақ», - деп түйіндеді ол.