235
Банкрот болған әзірбайжан банкінің БЖЗҚ-ға не қатысы бар?
Банкрот болған әзірбайжан банкінің БЖЗҚ-ға не қатысы бар?
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев БЖЗҚ-ның Әзірбайжанның проблемалық банкіндегі инвестицияларына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Барлығын мұқият әрі терең зерттеу керек болған шығар. Қазір мен ештеңе айта алмаймын, себебі сандарға қатысты мәлімет менде жоқ. Әрине, мұнда олар сақтандыру мәселелерін қарастырмаған болса, бұл ақша жоғалып кетті деген сөз. Сондықтан бұл біздің қор үшін тікелей зиян келтіреді. Сондай-ақ, ол біздің салымшыларға да әсер етеді", - деді ол журналистерге.
Осыған дейін сарапшы Рахым Ошақбев БЖЗҚ-ның инвестициялауына қатысты пікір білдірген еді. Оның айтуынша, БЖЗҚ активтерінің 71,3 миллиард теңгесі Әзірбайжанның халықаралық банкіне салынған. "Осылайша, зейнетақы активтерінің сақталуына қатысты үлкен қауіптер пайда болуы мүмкін", - деген еді сарапшы.