511
Бейресми түрік тілі күні
Бейресми түрік тілі күні
Бүгін, 13 мамыр бейресми түрік тілінің күні. Күннің бұлай аталу тарихы тереңде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тарихқа сүйенсек, 1277 жылдың 13 мамырында Караман бейлігінде аса маңызды оқиға орын алды. Мемлекет билеушісі Мехмет бей Караманоглы дәл осы күні:
«Бүгіннен бастап базарларда, алаңдарда, кеңседе, мәжілісте (жұрт) түрік тілінен басқа тілде сөйлеу мен жазу қолданылмасын!» деген жарлық шығарады.
Бұл жарлықты орындамағандарға қатал жаза болатындығы ескертілді. Бұл түркілер тарихындағы теңдессіз жарлық болатын, өйткені осы арқылы түркілер заң жүзінде өздерінің ана тілін қайтарып, тілдің мәртебесін көтерді. Өйткені, сол дәуірде түрік тілі толығымен араб және парсы тілдерінің ықпалында еді. Мемлекетте іс жүргізу парсы тіліне көшсе, мектептерде, білім ісінде араб тілі үстемдік құрған. Мехмет Караманоглы бұл үдерісті бұзып, түрік-карамандарға ана тілі мәртебесін қайтарып берді.
Осылайша, Караманоглы Мехмет бей есімі халыққа ана тілінде сөйлеу құқығын нақтылап берген сұлтан ретінде түркілер тарихында мәңгіге қалып отыр.