Әкімдер рейтингінде Бауыржан Байбек көш бастады

Әкімдер рейтингінде Бауыржан Байбек көш бастады

Әкімдер рейтингінде Бауыржан Байбек көш бастады
ашық дереккөзі
400
Бауыржан Байбек әкімдер рейтингінде көш бастады. Сауалнама 2017 жылдың 1 мамырынан 7 мамырына дейін өткізілді. 26 сарапшы, блогер, саясаттанушы, политтехнолог, қоғам қайраткері өз ойларын сауалнама арқылы жеткізді. Бұл туралы sayasat.org порталы хабарлады. Сәуір айының рейтингінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек көш бастап тұр. Сәуірде ең жас әкім қала құрылысы, жол жөндеу, инженерлік коммуникация мәселелерімен белсене айналысқан. Сондай-ақ, болат құбырлар зауытын ашты. Б.Байбек сырттан қаржы тартуды мықтап қолға алған. Инвесторлар күнін өткізіп, Сингапур мен Жапониядан делегация қабылдаған. Еуропа қайта құру және даму банкінің басшылығымен кездесті. Сарапшылардың пікірінше, Бауыржан сын садағына көбірек ілінген. Екінші орынға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев табан тіреді. Көршілес облыстарды су алып жатқанына байланысты Қ.Көшербаев су ресурстары комитеті басшысы Ислам Әбішевпен бірлесе отырып, бірінші кезекте қауіп төндіретін аймақтарды бақылауға алды. Әуеден бақылау жұмыстарының нәтижесінде Үкіметте контррегулятор салу мәселесі көтерілді. Сондай-ақ, Қызылорда облысының әкімі «Майкрософт» компаниясымен келісімге қол жеткізді. Енді облыс студенттері азулы компанияда білім алатын болды. Әкімдердің рейтингінде Астана әкімі Әсет Исекешов үштікті тұйықтады. Респонденттер Әсет Өрентайұлының мансабы ендігі кезекте ЭКСПО-ның қалай өтетіндігімен тікелей байланысты екендігін айтты. Астана әкімі күзге дейін тығыз режімде жұмыс жасайтын болады. Сарапшылардың айтуынша, Жақсыбековтен кейін келген әкімге «топ жару қиын болмақ». Төртінші орынға тоқтаған Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың сәуірдегі ең басты әрекетін айтсақ, ол Орынбор облысына Ақтөбенің инвестициялық мүмкіндігін таныстырып келді. Сондай-ақ, әкім «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясы мен қазақстандық сервистік компаниялардың арасындағы әріптестікті нығайту үшін келіссөздер жүргізді. Айта кету керек, көктемде болған су тасқыны Сапарбаевтың да мансабын шайқағаны белгілі. Облыс әкімі қалыптасқан жағымсыз көзқарасты азық-түлік пен дәрі-дәрмектің бағасын арзандату арқылы жұмсартуға тырысты. Мамандар айтқандай, Бердібек Мәшбекұлы үй-жайларын су алған тұрғындармен кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдаған жалғыз әкім болды. 5-ші орынды місе тұтқан Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Премьер-Министрге Елбасының тапсырмаларын орындау бойынша есеп бергені белгілі. Премьердің тығыз жұмыс кестесі көрсеткендей, жергілікті басшылықтың айтары мол болғанға ұқсайды. Сондай-ақ, Талдықорған тұрғындары алғаш газға қосылды. А.Баталов Ақсу қант зауытының құрылысынан бастап мамандарды орналастыру мәселесіне дейін өзі қадағалап отыр. Аталған аймақта мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 11 жоба жүзеге асып келеді. Алтыншы орынға тұрақтаған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов көпшілікке Семейді көтеру туралы уәде берген еді. Облыс орталығының көп проблемалары шешіле бастағанын айта кету керек. Респонденттер қоғамдық көліктегі жол жүру бағасына байланысты дау-жанжалды да ескеріп өтті. Д.Ахметов жол ақысын тек автобус парктерін монополиядан шығарып жолдарды жөндеген соң ғана көтеруге болатынын айтқан болатын. Сәуірде Д.Ахметов ауруханаларды жабдықтау, туристік индустрияны дамыту, сүтті мал шаруашылығын дамыту мәселелерімен айналысты. 8 орынға табан тіреген ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысымен кездескен болатын. Кездесу барысында Елбасы аймақтағы негізгі проблемаларды баса көрсетті. Респонденттер атап өткендей, ОҚО оңтүстіктегі іскерлік климатты қалыптастыру бойынша үздік үштікте екен. Аймақтың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері оң динамиканы көрсетіп отыр. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов 10 орынға лайық деп танылды. Мемлекет басшысының облысқа сапары сәтті өтті. Рейтингтің өзге де жаңа қатысушылары Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының басшылары Мәлік Мырзалин (10-орын), Құмар Ақсақалов (13-орын), Ермек Қошанов (15-орын) қызметтерінің алғашқы айында үлкен сынға тап болды. Облыс әкімдері су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың мәселесін шешумен айналысты. Сарапшылар айтқандай, тасқын су оларға алдыңғы әкімдерден мұраға қалған проблема. Алайда, енді олар ширап жақсы кризис-менеджерлерге айналады. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов (16-орын) көктемгі су тасқынымен шама-шарқы жеткенше күресті. Ендігі кезекте оған тасқын зардабын жою арқылы ұпай жинау керек.

Серіктес жаңалықтары