Нығматулин: Фармацевтикада қолдан жасалған кедергі көп

Нығматулин: Фармацевтикада қолдан жасалған кедергі көп

Нығматулин: Фармацевтикада қолдан жасалған кедергі көп
ашық дереккөзі
208
Фармацевтика саласында қолдан жасалған кедергiлер өте көп. Сондықтан, дәрi-дәрмек бағасын сапалы заң арқылы реттеуiмiз қажет. Бұл туралы Парламенттiң төменгi палатасында өтiп жатқан халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша парламенттік тыңдау барысында Мәжiлiс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты, деп хабарлайды Baq.kz. «2001-2016 жылдар аралығында дәрi-дәрмек сатып алуға бөлiнетiн қаржы көлемi 165 млрд теңгеге дейiн жеттi. Бiрақ, осындай үлкен қаржы бөлiнiп отырса да, өкiнiшке қарай фармацевтика саласындағы көп мәселе әлi ойдағыдай шешiлмей келедi. Бүгiнгi күнi елiмiзде 100-ден астам фармацевтикалық өнiм өндiрушi бар. Соңғы 10 жылдың iшiнде өнiм көлемi 7 есеге артты. Бiрақ, бiз халықты қолжетiмдi дәрiлермен әлi қамтамасыз ете алмай отырмыз. Өзiмiзде дәрiлер шығарсақ та, олардың орнына дәрiлердi шетелден сатып алып жүрмiз. Ал олардың бағасы 4-5 есе қымбат. Бұл жерде қолдан жасалған кедергiлер өте көп. Сондықтан, Елбасының биылғы Жолдауда айтқан тапсырмасына сәйкес, дәрi-дәрмек бағасын сапалы заң арқылы реттеуiмiз қажет», - дедi Нұрлан Нығматулин. Мәжiлiс төрағасы фармацевтика саласында бiлiктi мамандардың жетiспейтiнiн де тiлге тиек еттi. Сондай-ақ, ол дәрiгерлер саудасын өткiзу үшiн пациенттерiн емханадағы дәрiханаға жолдайтынын айта кеттi. Сөз соңында Нығматулин дәрi-дәрмектiң қолжетiмдi әрi қауiпсiз болуы тиiс екендiгiн жеткiздi. Атап өтсек, бүгiн Парламент депутаттары дәрімен қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін және осы саладағы проблемаларды шешу жолдарын талқылайды. Тыңдау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар әзірленедi. «Қазақстан Республикасында халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету және фармацевтика саласының жай-күйі және дамуы туралы» тақырыбындағы парламенттік тыңдауға орталық және жергілікті атқарушы орган өкілдері, ірі фармацевтикалық кәсіпорындардың басшылары, шетелдік сарапшылар, медицина қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдар қатысуда.  

Серіктес жаңалықтары