382
Зорлықпен кісі өлтіруде Мексика екінші орында
Зорлықпен кісі өлтіруде Мексика екінші орында
Мексика зорлықпен кісі өлтіру деректері бойынша Сириядан кейін әлемде екінші орында тұр.
Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты осындай мәлімет таратты. Былтыр соғыс өрті өршіген Сирияда зорлық-зомбылықтан 60 мың адам көз жұмса, Мексикада 23 мың кісі өлтіру дерегі тіркелген. Орталық өкілдерінің хабарлауынша, Солтүстік Америкадағы бұл мемлекеттегі марқұмдардың дені есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық топ мүшелерінің қолынан қаза тапқан. Алайда Мексика билігі бұл мәліметтің барлығын жоққа шығарып отыр.
Елдің сыртқы істер министрлігінің өкілдері баяндамада көрсетілген сандардың шындыққа жанаспайтынын айтады. Негізі жантүршіктірер мұндай көрсеткіш бойынша үшінші және төртінші орында Ирак пен ауған елі тұр.