Жақында Мосул азат етілуі мүмкін

Жақында Мосул азат етілуі мүмкін

Жақында Мосул азат етілуі мүмкін
ашық дереккөзі
461
Ирак әскері Мосул қаласын лаңкестерден азат ету операциясын бастағалы бері шаһарды 370 мыңға жуық адам тастап кеткен. Мұндай мәлімдемені Миграция жөніндегі халықаралық ұйым жасады. Мамандардың айтуынша, өткен жылдың күзінде басталған операциядан тұрғындар көп зардап шегіп отыр. Мосул шаһары орналасқан Найнава провинциясының өзінен 345 мың адам босып кеткен. Оларға азық-түлік пен ауызсу және басқа да тұрмысқа қажетті заттар жетіспей жатыр. Ал әскерилердің мәлімдеуінше, олар ұрыс қимылдарына кіріскеннен бері 96 елді мекенді азат етіп, 56 мұнай ұңғымасын бақылауына алған. Қазір қаланың батыс бөлігінде шайқасып жатқан сарбаздар қалған содырларды қоршауға алып, ан-Нури мешітіне жақындап қалған. Сондықтан билік Мосул екі-үш аптаның ішінде толық азат етіледі деп отыр.  

Серіктес жаңалықтары