Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйегі табылды

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйегі табылды

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің сүйегі табылды
ашық дереккөзі
227
Ресейдің Новгород облысында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан 489 жауынгердің сүйегі табылып, 15-нің аты-жөні белгілі болды деп хабарлайды Хабар 24. Оның екеуі – қазақстандық. Бірі Атырау облысынан Құспан Боранбаев болса, екіншісі – Жамбыл облысының тумасы Расул Убайдуллаев. «Естелік» халықаралық вахтасына петропавлдық «Саланг» әскери-патриоттық клубы да қатысты. Клуб жетекшісі Александр Азегов осы жолы өзімен бірге 6 адамды ертіп барды. Олар 2 апта орманда тұрып, қан майданда мерт болып, із-түзсіз жоғалған жауынгерлерді іздеген. Александр Азегов, «Саланг» әскери-патриоттық клубының жетекшісі: - Бұл жолы жауынгерлер жердің жоғарғы жағынан шықты. Сүйектері мен жеке заттары шіріп кеткен. Сондықтан өте қиын болды. Оның үстіне 2 жұма жаңбыр жауды. Бұл – менің 25 жылдағы ең ауыр сапарым.  

Серіктес жаңалықтары