Солтүстік Қазақстанда 234 үй су астында қалған

Солтүстік Қазақстанда 234 үй су астында қалған

Солтүстік Қазақстанда 234 үй су астында қалған
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны басталғаннан бері барлығы 17 елді мекенде 380 үйді су басып, оның тоғызы қираған. 5 мың саяжай учаскелері су астында қалған. Қазіргі таңда 234 үйде су тұр. Облыс әкімінің орынбасары Антон Федяевтың сөзінше, өткен демалыс күндері Далматова ауылына су келіп, бірнеше үй су астында қалған. Су басудың екінші толқынында Прибрежный, Тепличный, Соколовка, Борневка және Большая Малышка аудандарындағы үйлер зардап шеккен. Әкім орынбасары су басудың үшінші толқыны болмайтынын, қазір екі эвакуациялық пунктте 40 адам тұрып жатқанын айтты. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының 11 мамыр күнгі ақпараты бойынша, Есіл өзенінің Сергеевка бөгеніндегі су деңгейі 4 сантиметрге төмендеген. 341 үйге гуманитарлық көмек көрсетілген. Павлодардан жеткен гуманитарлық жүк еріктілердің жәрдемімен эвакуация пунктерінде орналасқан адамдарға беріліп жатыр. Азық-түлік, киім, тұрмыстық заттар тізім бойынша отбасыларға тапсырылған.