Бурабай туристерді қарсы алуға дайын

Бурабай туристерді қарсы алуға дайын

Бурабай туристерді қарсы алуға дайын
ашық дереккөзі
528
Бурабай туристерді қарсы алуға дайын Ақмола облысынан ЭКСПО-2017 халық­ара­лық мамандандырылған көр­ме­сін тамашалау үшін 23 мың адам Астанаға бармақ деп хабаралады egemen.kz. Өңірімізде билеттердің сатылуы жөнінен Жарқайың және Ерей­мен­тау аудандары алда келеді. Ал Степ­ногор қаласында жалпы баға­сы 13,2 млн теңге болатын үш мың билет сатылыпты. Қазір­гі таңда Ақмола облысының Бұ­лан­ды, Атбасар, Сандықтау және Егін­ді­көл аудандарында билет алушы­лар қатары көбейді. Жергілікті тұр­ғын­дарға ауқымды шараның маңы­зын түсіндіру үшін әкімдерге де құлақ­қағыс етілді. «Өздеріңіздің шаруашылық субъектілеріңізде белсенді үндеу жүргізіңіздер, ЭКСПО-2017 ма­ман­­дан­дырылған көрмесінің маңы­зын тұрғындарға жеткізіңіздер. Бұл – биыл­ғы жылғы еліміз, яғни өзіміз үшін де үлкен оқиға. Қазақстанның әр­бір тұрғыны үшін мұншалықты ауқым­ды шараға қызығушылығы және баруға ынтасы болуы тиіс», дей­ді облыстық туризм басқарма­сы­­­ның басшысы Шынарбек Батыр­ханов. Ал Бурабай ауданының әкімі Төлеген Ташмағанбетов курорт ай­­мағына шамамен 1 млн 800 мың ту­рис­тің келетінін болжап отыр. Оның мәліметіне қараған­да, қо­нақ­­тарды қарсы алатын 154 нысан бар. Мей­манханалар, мейман­хана­­лық үйлер, туристік базалар және сана­то­рий-курорттық жайлар туристерді барынша жақсы күтіп алуға дайын тұр екен.  

Серіктес жаңалықтары