ОПЕК мұнай көлемін тағы да кемітпек

ОПЕК мұнай көлемін тағы да кемітпек

ОПЕК мұнай көлемін тағы да кемітпек
ашық дереккөзі
ОПЕК елдері осы жылдың 25 мамырында Венада өтетін кездесуде мұнай көлемін қысқартудың тағы бірнеше жолын қарастыратын болады. Бұл туралы Біріккен Араб Әмірлігінің энергетика министрі Сухейль аль-Мазруи мәлімдеген деп жазды Qazaq times. "Министрлерге қара алтын көлемін қысқартудың бірнеше нұсқасы ұсынылады. Олар өздері нақтыстын таңдайды. Келесі кездесуде оң нәтиже болады деп ойлаймын", - деп келтіреді Bloomberg агенттігі министрдің сөзін. Сондай-ақ, ол веналық келісімнің мерзімін ұзартуды қолдауға дайын екенін айтқан. Оның сөзінше, АҚШ-тың мұнай көлемін арттыруы аталған келісімге қауіп төндіре қоймайды. Еске салайық, 2016 жылдың 30 қарашасында ОПЕК Венада болған кездесуде күніне өндірілетін мұнай көлемін қазан айындағы өндіріс деңгейінен 1,2 млн баррельге дейін төмендету туралы келісімге келген еді. Ал картельге мүше емес 11 ел 10 желтоқсан күні өздерінің өндірісін тәулігіне 558 мың баррельге дейін азайтуға келісті. Ресей 300 мың баррельге дейін қысқартуға уәде етті. Бұл келісім 2017 жылдың 1 тоқсанына дейін деп бекітілген болатын. Осыған байланысты мұнай көлемін тағы да қысқарта тұру туралы ендігі келіссөз шешімі 25 мамырда белгілі болады. Қазақстан не дейді? Өткен аптада ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жоғарыда аталған келісімді 9 айға созу мәселесі талқыланып жатқанын айтқан. Ал Рейтер агенттігі болса, картель мүшелері келісім мерзімін 9 айдан да көп мерзімге ұзартуды талқылап жатқанын мәлімдеген.