273
4-шілдеде ЭКСПО көрмесінде АҚШ ұлттық мерекесін тойлайды
4-шілдеде ЭКСПО көрмесінде АҚШ ұлттық мерекесін тойлайды
4 шілде күні Экспо-2017 көрмесінің аясында АҚШ мемлекеті өзінің ұлттық күнін өткізеді. Бұл туралы Төтенше және Өкілетті елші Джордж Крол журналистер қауымымен кездесуде хабарлады.
Дипломаттың айтуынша, қазір америкалық мамандар шараға қарқынды дайындық жүргізіп жатыр. Оншақты ірі компания болашақ энергиясы тақырыбында инновациялық жобалар әзірлеп, халыққа паш етпек. Сондай-ақ шетелдіктер мәдени бағдарламасын ұсынады. Келушілерді ұлттық билері және музыкасымен таныстырады. Павильонды дайындау үшін Америка үкіметі бюджеттен ақша бөлген жоқ. Бүкіл шығын жеке компаниялар тарапынан төленді. Джордж Крол АҚШ павильоны барлық қонақтың көңілінен шығатынына сенімді.
Джордж Крол АҚШ-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі:
- Америкадан Қазақстанға ЭКСПО көрмесін көруге келетін туристер таң қалады деп ойлаймын. Себебі Астана аз уақыттың ішінде әдемі әрі дамыған қалаға айналды. Шараның тақырыбы «Болашақ энергиясы» болғанына қуаныштымыз. Өйткені қазір біз Қазақстанда осы саланы дамытуға қомақты инвестиция құйып жатырмыз. Ал болашақта ауыл шаруашылығы, білім беру, ақпараттық технологиялар және ұлттық дизайн бағыттары бойынша ынтымақтастығымызды нығайтуды көздеп отырмыз.