Екі айда 300-ден астам адам онлайн сурдоаудармаға жүгінген

Екі айда 300-ден астам адам онлайн сурдоаудармаға жүгінген

Екі айда 300-ден астам адам онлайн сурдоаудармаға жүгінген
ашық дереккөзі
244
Екі айдан бері елдегі онлайн сурдоаударма қызметін 300-ден астам адам пайдаланған деп мәлімдеді Хабар 24. Алғашында оған серпінді жоба ретінде Астана мен Алматы қаласы кірді. Қазір аталған қызмет түрі бүкіл республика аумағын қамтиды. Айта кетелік, аталған бағдарлама осы жылдың 1 наурызынан бері жүзеге асырылып келеді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында сурдоаударманы жалпылай меңгерген 862-ге жуық маман жұмыс істейді. Ал сонымен қоса ым-ишарат тілін жетік білетін 300-ге жуық қызметкер бар. Дәл осы мамандар келушілерге онлайн режимде өз көмектерін ұсынады. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы алдағы уақытта қызмет түрін әлі де жетілдіре түспек. Бауыржан Бектұрсынов, ХҚКО бөлім басшысы: - Кез келген есту және сөйлеу қабілетінен айырылған азамат кезкелген ХҚКО-на келіп, жеңілдетілген терезе арқылы өзіне қажетті мемлекеттік қызметті алуына болады. Сол келген азаматтарға жеңілдік терезелері сурдоаударма қызметін көрсетеді. Тілді меңгерген азаматпен байланыста отырып, барлық қызметті алуға болады.

Серіктес жаңалықтары