251
Былтыр 2 миллионнан астам адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған
Былтыр 2 миллионнан астам адам тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған
Бұл туралы фармацевтикалық бақылау комитеті төрайымының міндетін атқарушы Лариса Пак мәлімдеді деп хабарлады Хабар 24.
Оның айтуынша, жалпы тегін дәріні үлестіруге өткен жылы 165 миллиард теңге бөлінген. Бұл көрсеткіш жыл санап артып отыр. Сондай-ақ ел нарығындағы дәрі-дәрмектің сапасына бақылау жасау қажеттігі айтылды. Дәріге сұраныс артқан сайын Қазақстандағы фармацевтика саласына шетелдік трансұлттық компаниялар көптеп ене бастаған. Бұл отандық осы саладағы кәсіпорындардың дамуына кері әсерін тигізуде. Сондықтан өзімізде өндірілетін дәрі-дәрмек үлесін 50 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Лариса Пак, ҚР ДСМ фармацевтикалық бақылау комитеті төрайымының міндетін атқарушы:
- Келер жылдан бастап, міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру шеңберінде ел азаматтары дәріханаларды да өзі таңдай алады. Онда мемлекет бөлген тегін дәрі-дәрмек тізім бойынша берілетін болады. Ол үшін дәрі-дәрмектің сапасы бақылауға алынып, бағасы реттелуі тиіс.